Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы осы індеттен сауыққандар қатары науқастар санынан көп болып 55 пайызды құрауда
«Кoronavirus Іnfo» Өзбекстандағы ресми ақпараттық арнасының хабарына сай 30 сәуір таңғы мәліметтер бойынша сағат 10:00 уақытымен ел аумағында 15 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 2017 кісіге жеткен.
Өзбекстанда коронавирустық індеттің алғашқы расталған жағдайы 15 наурызда Ташкентте тіркелген болып, вирус бүкіл республикаға тарады. Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы осы індеттен сауыққандар қатары науқастар санынан көп болып 55 пайыз немесе 1096 кісіні құрауда. Өкінішке орай қазіргі уақтқа дейін 9 азамат осы індеттен көз жұмған.