Корея Өзбекстанда жол қауіпсіздігі әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асырады

ӨР Көлік министрлігі мен Сеул университеті арасында келісімге қол қойылды.
Министрлік дерегінше, Көлік министрінің орынбасары Ильхам Абдуғаффоров бастаған жұмыс тобының Корея Республикасына сапары барысында өзара ынтымақтастық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.
Сеулде өткен Өзбекстан-Корея бизнес-форумы аясында Өзбекстан Көлік министрлігі мен Сеул университеті арасында жол шаруашылығы мен көлік саласында технологиялық шешімдер алмасу туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге сәйкес, бұл университет «Өзбекстанда жол қауіпсіздігі әлеуетін дамыту» гранттық жобасын бірлесіп жүзеге асыруы көзделген.