English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конституцияның 27 жылдығы қарсаңында 92 жазасын өтеушіге рақымшылық жасалды
13:10 / 2019-12-08

Президент Шавкат Мирзияев «Жазасын өтеуші, шын өкінішін білдіріп, дұрыс жолға нық қадам жасаған адамдар тобын кешіру туралы» Жарлыққа қол қойды


Өзбекстан Республикасы Конституцияның 27 жылдығы қарсаңында Президент Шавкат Мирзияев «Жазасын өтеуші, шын өкінішін білдіріп, дұрыс жолға нық қадам жасаған адамдар тобын кешіру туралы» Жарлыққа қол қойып 92 азаматқа рақымшылық жасалды.

Рақымшылыққа іліккен бұл жандардың 20-ы жазадан толығымен босатылып, 37-сі шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан болса, тағы 16-сы өзіне белгіленген жаза түрі жеңіл жаза түріне ауысқан. Жазаны орындау мекемелері мен пробация қызмет органдары есебінен шығарылған азаматтардың саны 73-ті құрап, тағы 19 бас бостандығынан айыру жазасына кесілген азаматтың жаза мерзімі қысқартылған.

Атаулы жарлықты орындау аясында министрліктер мен ведомстволарға кешірім берілген азаматтарды отбасыларына және жақын туысқандар бауырына оралуға көмектесу, әлеуметтік бейімделуіне арқау болу, пайдалы еңбекке баулу мен салауатты өмір салтын таңдауда және қоғамдағы лайықты орнын иеленуде көмек беру міндеттелді.