Конор Макгрегор октагонға қайтты

Ирландияның аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор шайқастар алаңы октагонға оралғанын растады.
TheMacLife-тің «Twitter» парақшасында, 32 жастағы спортшы UFC турнирінде Дастин Порьемен жекпе-жек туралы келісімшар жасасты. Осылайша, Макгрегор ресми түрде үлкен спортқа қайта оралды.
Макгрегор мен Порье арасындағы төбелес 2021 жылы 23 қаңтарда өтеді.
Бұған дейін, UFC перзиденті Дана Уайт жекпе-жек Абу-Дабидегі «Шайқастар аралында» өтетіні жайлы айтып: «Егер барлық жағдай біз жоспарлағандай межеде жалғасса, төбелес Абу-Дабиде болады», деген ол.
Еске салар болсақ, Конор өзінің UFC-дегі соңғы жекпе-жегін Дональд Серронға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Ал, Дастин Дэн Хукерден ұпай саны бойынша басым түскен.
Осыған дейін екі спортшы арасындағы алғашқы 2014 жыл 27 қыркүйекте өткен жекпе-жекте Конор Макгрегор жеңіске жеткен болатын.