English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конгресс Джо Байденді АҚШ-тың 46-шы президенті деп растады
15:01 / 2021-01-07

АҚШ Конгресі Вашингтондағы тәртіпсіздіктерден кейін өткізген арнайы сессиясында Демократиялық партия кандидаты Джо Байденді президенттік сайлауда жеңгенін растап, оны АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде ресми түрде бекітті.

Ондағы нәтижеге орай Джо Байден сайлаушылардың 306 дауысын, ал қазіргі президент Дональд Трамп 232 дауыс алғаны жарияланды. 

Республикашылардың бірқатар штаттардағы, соның ішінде Пенсильвания мен Джорджиядағы нәтижелерді қайта санау әрекеттері нәтижесіз аяқталған.

Алдағы 20 қаңтар күні Джо Байден ант беріп, АҚШ-тың 46-президенті ретінде өз қызметіне кірісетін болады.