Конгода мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған 37 адам өлім жазасына кесілді
Конго Демократиялық Республикасының соты 37 адамды (оның ішінде 2 америкалық) мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптап, өлім жазасына кескені хабарланды.
Бұл туралы елдің Actualité басылымы мәлімдеді.
Мақалада биылғы жылдың мамыр айында Конго ДР-де мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалғаны айтылған. Осы іс бойынша тергеуге тартылған 13 адам бұған дейін ақталған болатын.
Хабарламада мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген көтерілісшілердің жетекшісі және Ұлт сарайына шабуыл жасаған Кристиан Маланганы үкімет әскері жойылғаны айтылған.