English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хоакин Феникс пен Руни Мара адамзатқа қауіп вирусты аурулар туралы фильм жарыққа шығармақ
16:47 / 2020-08-02

Деректі туынды бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін табиғи ошақты аурулар туралы болмақ


Голливудтың танымал актеры Хоакин Феликс пен киноактриса Руни Мара бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін табиғи ошақты аурулар туралы «The End of Medicine» (Медицинаның соңы) атты деректі фильм жарыққа шығармақ.

Американдық теледидар мен кино туралы хабар таратушы «Deadline» интернет-журналында жарияланған ақпаратта, атаулы фильмнің түсірілімі Қытайда коронавирустың жаңа түрінің пайда болуынан бірнеше ай бұрын басталған болып, туындының таспалануы 2020 жылдың соңында аяқталады. Атаулы жобаға режиссер Киган Кан мен «BAFTA» сыйлығының иегері Алекс Локвуд жетекшілік етуде.

Руни Мара мен Хоакин Феникстің «Медицинаның соңы» атты режиссерлік туындысында, олардың айтуынша адамдарға «Қарапайым әдеттеді өзгерту үшін бір нәрсе жасаудың уақыты келді. Егер адамзат өмірдегі қарапайым тұтыну әдетінен арылмайды екен, онда қазіргі заманғы хайуанат әлемінен зардап шегуді жалғастыра береді» дегенді көрсетеді.

Фильмде жануарлардан адамдарға жұғатын вирустар жөнінде түрлі зерттеулер болып, денсаулық сақтау саласындағы әлемдік ғалымдармен сұхбат өрбиді және олардың зерттеулерінің қорытындылары жайлы қызықты деректер айтылады.