English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Келесі жылы Инвестициялық бағдарлама аясында мектеп құрылысына 3 триллион сум бөлінеді
18:29 / 2023-08-28

2024 жыл Өзбекстанда Инвестициялық бағдарлама аясында мектеп құрылысына 3 триллион сум бөлінеді.

Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өтіп жатқан жаңа оқу жылы қарсаңында мектептегі білім беру мәселелерін талқылау және кезектегі міндеттерді айқындауға арналған бейнеселектор кеңесінде айтылды.

Жиында Президент Шавкат Мирзиёев оқу орындарын көбейтуге ерекше тоқталды.

Келер жылы Инвестициялық бағдарлама аясында мектеп құрылысына 3 триллион сум бөлінеді. Осының арқасында 150 мың жаңа оқу орны ашылады.

Мұнда негізгі назарды 2 еседен астам қуаттылықпен жұмыс істейтін 595 мектепті кеңейтуге аудару керектігі айтылды.

Сондай-ақ, аз қуатпен жұмыс істеп тұрған 61 колледж ғимаратының орнына мектептер салынады. Бұл қосымша 42 мың оқушы орын деген сөз.

Келер жылы жекеменшік серіктестік негізінде 50 мектептің (35 мың оқушы орыны) құрылысы басталады.

Жеке секторға қосымша жағдай жасау арқылы жылына кемінде 25 мың оқу орны ашылады. Осы мақсатта жекеменшік мектеп ашуға берілетін несиенің 7 пайызы кәсіпкерлерге бюджеттен беріледі.

Жаңа мектеп салуға арналған жер тек мектеп салу мақсатында ғана аукционға қойылады.

Жалпы, келесі жылы 250 мың студенттік орын немесе өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп орын ашылады.