Карим Бензема Чемпиондар лигасында ең үлкен жасты хет-трик авторы атанды

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема, Чемпиондар лигасында ең үлкен жасты хет-трик авторы атанды.
Қазір оның туғанына 34 жыл 80 күн болды. Ол кеше түнде Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финал аясында өткен кездесуде «ПСЖ» клубына 3 гол соғып, «Корольдік» клубтың келесі 1/4 финалға жолдама алуына ықпал етті.
Кездесу қорытындысы бойынша Испанияның «Реал Мадрид» клубы өз алаңында Францияның «ПСЖ» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесулердің нәтижесі мынадай:
- «Бавария» - «РБ Зальцбург» 7:1 (жалпы есеп 8:2);
- «Ливерпуль» - «Интер Милан» 0:1 (жалпы есеп 2:1);
- «Реал Мадрид» - «ПСЖ» 3:1 (жалпы есеп 3:2);
- «Манчестер Сити» - «Спортинг» 0:0 (жалпы есеп 5:0);
Осылайша «Бавария», «Ливерпуль», «Реал Мадрид», «Манчестер Сити» командалары 1/4 финалға жолдама алды.
Еске салар болса, алда 15-16 наурыз күндері Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алатын тағы 4 команда белгілі болады.