English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Канадалық жанкүйер әлем чемпионатының матчтарына кіру бойынша рекордты жаңартпақ
16:07 / 2022-11-26

Канадалық футбол жанкүйері Ли Кормиш Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының матчтарына кіру бойынша әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енуді мақсат еткен.

Гиннестің рекордтар кітабындағы дерекке сәйкес әлем чемпионаты ойындарына кіру бойынша  рекорд Тулани Нгкобоға тиесілі. Ол 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен турнирдің 31 кездесуіне қатысқан. Кормиш Қатардағы әлем чемпионатында 41 матчқа қатысып, бұл рекордты өзінің YouTube арнасында және әлеуметтік желілерде көрсеткісі келеді.

Осы белесті бағындыру үшін Кормиш әлем чемпионатының 8 стадионына баруы және ойынды көргенін растайтын екі куәгері болуы керек.

Әлем чемпионаттары арасында ең қомақты қаржы жұмсалған Қтардағы турнирдің жанкүйерлерге өте қолайлы тарапының бір тұсы стадиондар арасындағы ең ұзын қашықтық небәрі 75 шақырымды құрайды.