Канада құрамасы Дэвис кубогының жеңімпазы атанды

Теннистен Малагада өткен Дэвис кубогында Канада құрамасы жеңімпазы атанды.
Канада командасы 2022 жылғы Дэвис кубогының финалында Австралияны 2:0 есебімен жеңіп, тарихта алғаш рет чемпион болды.
Финалдың бірінші кездесуде Денис Шаповалов австралиялық Танаси Коккинакисті екі сетте (6:2, 6:4), ал екінші кездесуде Феликс Оже қасыласы Алекс де Минаурды (6:3, 6:4) есебінде жеңді.
Осылайшы Канадалық теннис құрамасы Дэвис кубогында алғаш жеңіске жетті.