English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Күрестен 2020 жылғы әлем чемпионаты желтоқсан айында Белградта өтеді
11:41 / 2020-07-07

Біріккен күрес әлемінің (UWW) атқарушы комитеті күрестен Әлем Чемпионатын 2020 жыл 12 - 20 желтоқсан аралығында Сербияда өткізу туралы шешім қабылдады


Біріккен күрес әлемінің (UWW) атқарушы комитеті күрестен Әлем Чемпионатын 2020 жыл 12 - 20 желтоқсан аралығында Белградта өткізу туралы шешім қабылдады.

Осы жарыс алдынан 4 - 10 желтоқсан аралығында Сербия астанасында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтетін болды. Атқару комитетінің мүшелері екі чемпионатты бір жерде өткізу коронавирус індетінің таралу қаупін азайтады деген түсінікпен қабылдаған.

U23 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем кубогы 23-29 қарашада Тампереде (Финляндия) өтетін болып, 5-11 қазан аралығында кадеттер арасындағы Еуропа чемпионатын Польша қабылдайды, ал жасөспірімдердің құрлықтық жарыстары Скопьеде (Македония) 19-25 қазан аралығында өуті жоспраланған.

UWW атқарушы комитеті халықаралық маусым алдынан қабылдаған жоспарына сай, ең алдымен спортшылар мен басқада қатысушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін COVID-19 бойынша барлық ережеге сай әрекет етеді және турнирге жақын ел аумағындағы вируспен байланысты жағдай қабылданған критерилерге өзгерістер енгізілуіде мүмкін.