Жоғары оқу орындарында сабақ 23 қаңтардан басталады

Өзбекстан аумағындағы жоғары оқу орындарында сабақ 23 қаңтардан басталады
Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі барлық жоғары және кәсіптік оқу орындары, академиялық лицей студенттері үшін сабақ дәстүрлі түрде басталатынын хабарлады.
«2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап барлық жоғары және кәсіптік оқу орындары мен академиялық лицей студенттері үшін дәстүрлі түрде сабақ басталатынын хабарлаймыз.
Бақылау жұмыстары (аралық, қорытынды) білім беру ұйымдары бекіткен оқу кестелеріне сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі», - делінген министрлік хабарында.
Министрлік әлеуметтік желілерде 1 ақпанға дейін сабақ онлайн болады деген ақпаратты жоққа шығарған.