Жеңісбек Пиязов мектепке дейінгі білім министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Опера әншісі, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасының халық әртісі Жеңісбек Пиязов Мектепке дейінгі білім беру министрі Агриппина Шиннің кеңесшісі болып тағайындалды.
Министрлік мәліметінше, Жеңісбек Пиязов қоғамдық негізде жұмыс істейді және мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәдениет пен өнерді дамытуға атсалыспақ.
Еске сала кетсек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы бірнеше халықаралық байқаулар жеңімпазы Жеңісбек Пиязовты марапаттап халық әртісі атағын берген болатын.