English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жаңа Зеландия климаттық өзгеріске байланысты төтенше жағдай жариялады
17:07 / 2020-12-02

Жаңа Зеландия парламенті климаттың өзгеруіне байланысты елде төтенше жағдай жариялады.

«Guardian» басылымының мәліметінше, парламенттік бастамада «су тасқыны, жаһандық мұхиттардың көтерілуі және табиғат өрті Жаңа Зеландияға және оның тұрғындарының әл-ауқатына, өндірістерге, су ресурстарына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде» делінген.

Жаңа Зеландия қабылдаған осы шешіммен климаттық дағдарыстың бар екенін мойындап, төтенше жағдай жариялаған 32 елдің қатарына қосылды.