English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ИЫҰ-ның кезектегі халықаралық конференциясы Ташкентте өтеді
18:17 / 2019-10-05

Ислам ынтымақтастығы ұйымының халықаралық конференциясында қазіргі күннің өзекті мәселесі талқыланып, нақты шешімдер қабылданатын болады


7-8 қазан күндері Ташкентте Ислам ынтымақтастығы ұйымының беделді халықаралық конференциясы өтпек.

Ондағы конференция, Өзбекстан Республикасы Үкіметі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз тұрақты комитеті мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Кеңесі мен бірге ұйымдастырылатын семинар «Бейбіт, демократиялық қоғам құруға және тұрақты даму жолында жастардың құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында болмақ.

Семинар аясында жастардың құқықтарын қорғау мен ынтасын арттыру сынды қазіргі халықаралық және аймақтық құрылымының қолданылу саласы қарастырылады.

Сонымен қатар шара аясында ИЫҰ мүше елдердің жастары өз құқықтарынан толық пайдалануы жолында кездесіп тұрған проблемалардың бүге-шегесін айырып, жастарға тиесілі қолданыстағы саясат пен бағдарламалардың әсерін зерттеу мен барлық мемлекеттік стратегияларда жастардың құқықтарын назарда ұстау бойынша нақтылай заңды ұсыныстарды ескере отырып, әкімшілік және саяси негіздерін жақсарту жолдарын ұсыну көзделген.

Біріншіден, жастар құқығы мәселесінде қабылданған халықаралық құжаттар жеткіліксіз. Осы орайда кету керек, Өзбекстан үкіметі алғашқылардың бірі болып халықаралық қауымдастықтың назарын осы проблемаға аударды.

Екіншіден, қазіргі таңда ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер халқының басым бөлігін жастар құрайды. Әлеуметтанушылардың зерттеуінше 2050 жылға қарай әлемдегі жастардың үштен бірі ИЫҰ елдерінде өмір сүреді деген болжамды алға тартып отыр. Бұл жағдайды индустриялық және инновациялық дамуда тиімді пайдалануға болады. Сонымен қатар бұл процестің өзіндік кедергілеріде жоқ еместігі бар.

Үшіншіден, зерттеулер нәтижесі ИЫҰ-ның бірқатар елдерінде жастардың едәуір бөлігі белсенді емес және саяси шешімдер шығару мен саяси шешімдер қабылдауға байлынысты процесті жағдайлардан сырт қалып баражатқаны байқалады.

Атаулы семинарда осы сынды мәселелерді егжей-тегжейлі зерттеп, соңында ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде әр түрлі мүдделі тараптар үшін нақты ұсыныстар әзірленіп, қорытынды құжат ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысында ұсынылатын болады.