English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италия 50 жастан асқан адамдар үшін міндетті түрде COVID вакцинасын енгізді
09:34 / 2022-01-06

Италия үкіметі 50 жастан асқан адамдарға міндетті коронавирусқа қарсы вакцинацияны енгізді. Тиісті бұйрық сәрсенбі күні кешкі үкімет отырысында бекітілді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 50 жастан асқан жұмысшылар вакцинацияланғанын немесе COVID-19-дан жуырда сауығып кеткенін растайтын медициналық сараптаманы көрсетуі керек. Әйтпесе, олар ақпан айының ортасында жұмыстан шеттетіледі.

Бұған дейін екпе алмағандар екі күн сайын тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана жұмысқа шыға алатын.

Премьер-министр Марио Драги биліктің 50 жастан асқан адамдарға бұл әрекетін былай түсіндірген: өйткені олар ауруханаға жатқызу қаупі жоғары адамдар санатына жатады. Ал олардың екпе алғандары ауруханалардағы қысымды жеңілдетіп, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажет.

Жаңа ережелер Италияда коронавирустың рекордтық 170 мың жағдайы және өлім-жітім 2020 жылдың көктемінен бергі ең жоғары деңгейге жеткені туралы хабарлағаннан кейін қабылданған.