English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Испания қоғамдық көліктерде міндетті маска тағу режимі аяқталады
15:13 / 2023-01-27

Испанияда қоғамдық көліктерде COVID-19 ауруынан қорғану үшін міндетті маска режимі 8 ақпанда аяқталады.

Бұл туралы бейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрі Каролина Дариас мәлімдеді. 

Дегенмен, ауруханаларда, денсаулық орталықтарында және дәріханаларда бетперде кию міндетті болып қала бермек.

«Бізде эпидемиологиялық жағдай өте тұрақты», - деген К.Дариас журналистерге.

Бұл Испанияда COVID-19 пандемиясынан кейін қалыпты өмірге оралу жолындағы тағы бір қадам. Көптеген орындарда міндетті маска режимі 2022 жылдың 20 сәуірінде аяқталған еді.

Испания Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәліметі бойынша, елде 60 жастан асқан адамдар арасында COVID-19 ауруының 14 күндік көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 97,6 жағдайды құрайды және бұл жағдай төмендеп келеді.