
Ирландия 500 миллионнан астам пайдаланушының деректерін бұзғаны үшін Meta компаниясына 265 миллион еуро айыппұл салды.
Ирландия 500 миллионнан астам пайдаланушының деректерін бұзғаны үшін Meta компаниясына 265 миллион еуро айыппұл салдыPolitico басылымының хабарлауынша, Ирландияның Деректерді қорғау жөніндегі комиссиясы Meta Platforms Inc компаниясына Facebook әлеуметтік желісінің жарты миллиардтан астам қолданушысының деректерін тиісті түрде қорғамағаны үшін 265 миллион еуро айыппұл және басқа да түзету шараларын жариялады.
Дереккөздің айтуынша, ақпараттың ағып кетуі нәтижесінде ЕО-ның әділет комиссары Дидье Рейндерстің, Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттелдің және ЕО-ның көптеген шенеуніктерінің жеке деректеріне нұқсан келген.
Ирландиялық деректерді қорғау комиссиясының өкілдері компанияның жеке деректерді қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындамағанын хабарлады. Олардың айтуынша, компания өз өнімдерін пайдаланушылардың жеке деректері еркін қолжетімді болатындай етіп жасаған.