English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иранда су тасқынынан сегіз адам қаза тапты
15:14 / 2022-01-05

Иранда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, сегіз адам қаза тапты.

Тhe Watchers басылымының хабарлауынша, табиғи апат ауылшаруашылық жерлері мен инфраструктураға зиян келтірген.

Иранның Ұлттық құтқару қызметінің өкілі Муджтаба Халиди осы қайғылы жағдайдан сегіз адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалғанын және 500-ден астам құтқарушы зардап шеккен аудандардағы адамдарға көмек көрсеткенін мәлімдеді.

Иранның Қызыл жарты ай қоғамы 3 мыңнан астам адамға төтенше жағдайда баспана берген.

Соңғы дерекке қарағанда жауын-шашын осы демалыс күндеріне дейін жалғасады деп күтілуде.