Иран парламенті елдің ШЫҰ-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдады

Иран Мәжілісі (парламент) көпшілік дауыспен Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуы туралы заң жобасын мақұлдады.
«Mehr» агенттігінің хабарлауынша, заң жобасына 205 депутат дауыс берсе, 3 депутат қарсы, 4 депутат қалыс қалған.
ШЫҰ-ға мүше болу үшін Иран осы уақытқа дейін ұйым қабылдаған барлық құжаттарды бекітуі керек, қазірдің өзінде 49 құжатқа қол қойылған.
30 қыркүйекте Иран президенті Ибрахим Раиси елдің ШЫҰ-ға қосылуы туралы заң жобасына қол қойды. Осыдан кейін құжат парламентке бекітуге жіберілген еді.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 15-16 қыркүйек күндері өткен ШЫҰ-ның Самарқанд саммитінде Иранның ұйымға кіру міндеттемесін көрсететін меморандумға қол қойылған болатын.