English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран ұлттық құрамасының аңыз ойыншысы өлім жазасына кесілді
13:41 / 2022-11-11

Иран ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Али Даеи өлім жазасына кесілді.

Report хабарына сәйкес, бұрынғы футболшыға Махса Амини өлтірілгеннен кейін наразылық шеруіне қатысты деген айып тағылып отыр.

Али Дайи осы жылдың қазан айының басында Саккез қаласында ұйымдастырылған шеруге қатысқаны үшін ұсталып, кейін түрмеге жабылған.

Германияның «Бавария» футбол клубы өзінің ресми сайтында бұрынғы ойыншылар Али Даеи мен Али Каримидің тағдырына алаңдаушылық білдіріп: «Бұл мәселені назарда ұстау үшін біз Германияның Ирандағы елшілігімен байланысқа шығып, қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдірдік, деген.

Еске салар болсақ, Али Даеи футболшы кезінде әлем құрамалары арасында 2021 жылға дейін ең үздік бомбардир атанып келген. Ол жалпы ойыдарда 109 гол соққан. Ал, қазіргі кезде португалдық сұрмерген Криштиану Роналду бұл рекордты жаңартып 117 голмен көш бастап келеді.