English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран АҚШ-тың әскери базаларына алғашқы зымыран соққыларын жасады
11:59 / 2020-01-08

Дональ Трамп Иранның қарулы шабуылына қатысты бүгін маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлады


8-ші қаңтарға өтер кеште Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери бажасына баллистік зымырандармен қатты соққы жасады.

Ирактағы АҚШ-тың Асад және Арбил әскери базаларына жасалған зымыранды шаубылды ресми Иран мойындап бұл жағдайды «өзін-өзі қорғау» деп мәлімдеген. Ұшырылған 15 зымыранның 11 көзделген нысанға дәл тиіп, қалғаны мүлт кеткен.

Бұл жағдайға ресми АҚШ «біз соғыс заңдарына бағынаты боламыз» деген. Ал Дональ Трамп Иранның қарулы шабуылына қатысты бүгін маңызды мәлімдеме жасайтынын айтқан. Иранның Press TV арнасының мәліметінше зымыран соққысынан қаза тапқандар саны 80-ге жуық екені жайлы ақпарат беруде.

Тағыда назар аударатын маңызды жайыт Ирак аумағында Украина әуекомпаниясына тиесілі бортында 170-ге жуық жолаушысы болған Boeing 737 ұшағы бүгін таңда апатқа ұшырап барлық жолаушы мерт болған. Fars News ақпарат порталының хабарлауынша ұшақ апатына техникалық ақаулар себеп болғандығын алға тартса, Иорданияның Al-hadath басылымы Ираннан қасақана ұшырылған зымыранның бірі тиіп ұшақтың құлауына себеп болған деп жазуда.

Ескесала кетсек, АҚШ пен Иранның асасындағы даудың басы 31 желтоқсанда Бағдадтағы АҚШ-тың елшлігіне жасалған қарулы шабуыл мен Дональд Трамптың арнайы тапсырмасы арқылы 3 қаңтарда өлтірілген генерал Қасым Сүлейманилдың қазасынан соң екі жақтық қатынас соғыс жағдайына әкеп соққан болатын.