English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ипотека механизмін жетілдіру туралы қаулы қабылданды
10:02 / 2020-12-09

Өзбекстанда Ипотекалық несие механизмдерін одан әрі жетілдіруге байланысты «Өзбекстан Республикасы Президентінің және ӨР Үкіметінің кейбір құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Президент Жарлығы қабылданды.

Мемлекет басшысының тиісті жарлығына енгізілген өзгертулерге сәйкес жеке мердігерлер бөлмелерге бөлмей салынған пәтерлерді сатып алуға беретін ипотекалық несиенің шектеулі мөлшері келесідей етіп белгіленген:

- Ташкент қаласында - жалпы ауданы 60 м² дейінгі пәтерлер үшін - 264 млн сум, 60 м²-ден асқандар үшін - 352 млн сум;

- басқа аймақтарда - жалпы ауданы 60 м² дейінгі болған пәтерлер үшін - 240 млн сум, ал 60 м²-ден жоғарылар үшін - 320 млн сум боп белгіленген.

Сондай-ақ, Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 25 наурыздағы 182 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес: 

- 2020 жылы субсидия төлемінің мақсатт мөлшері бойынша субсидия алуға өтінімдер қабылдау мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін және төлем мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды;

- субсидия алуға өтінім берген азаматтың кірісіне басқа адамдардың табыстары да қосылуы мүмкін болған.