«Интер» клубы Италия суперкубогының иегері атанды
Миланның «Интер» клубы Италия суперкубогының иегері атанды.
Сауд Арабиясындағы «Король Фахд» алаңында өткен Италия суперкубогында ел кубогының иегері «Интер» А сериясының чемпионы «Милан» қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.
Димарко, Джеко және Мартинестің голдары дербиде «нерадзурриге» сенімді жеңіс сыйлады.
Осылайша, Симоне Индзаги шәкірттері бұл жүлдені қатарынан 2-ші, жалпы тарихта 7-ші рет жеңісіне қол жеткізді.