English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезия астанасын басқа жерге көшірмек
17:23 / 2019-04-29

Индонезия президенті Жоко Видодо мемлекет астанасы Джакартаны басқа қалаға көшіру жайында айтты.


Индонезия президенті Жоко Видодо мемлекет астанасы Джакартаны басқа қалаға көшіру жайында айтты. Бұл жайында үкімет жиынында мәлімдеген, -деп хабарлайды kompas порталы.

«Джакарта бір мезетте екі маңызды міндет: қаржылық және саяси орталық міндетті атқара алмай тұр», -деп айтқан президент. 

Оның айтуынша, «жаңа астана үшін қолайлы мекен табу, қажетті инфрақұрылымды дайындау қажет». Қазірге ел астанасын көшіретін аймақ анықталмаған. 

Айта кеткен жөн, Индонезия Малай архипелагында және жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан мемлекет. Халқының саны 242 миллионнан астам. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін бұл жер дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.