IFFHS сарапшылары AFC-2022 символдық ұлттық құрамасын жариялады

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) Азияның үздік ойыншыларынан құралған 2022 жылғы символикалық ұлттық құраманы жариялады.
Оның құрамында төрт жапондық, үш оңтүстік кореялық және екі саудиялық ойыншы бар. Сондай-ақ Австралия мен Иранның бір ойыншысы үздік 11-дікке енген.
IFFHS бойынша AFC-2022 символдық ұлттық құрамасы:
Қақпашы: Шуичи Гонда (Жапония, «Шмидзу С-Палс»);
Қорғаушылар: Азиз Бехич (Австралия, «Данди Юнайтед»), Майя Йошида (Жапония, «Шальке-04»), Ким Мин Жэ (Оңтүстік Корея, «Наполи»);
Жартылай қорғаушылар: Салман әл-Фарадж (Сауд Арабиясы, «Аль-Хилал»), Даичи Камада (Жапония, «Айнтрахт»), Хван Хи Чан (Оңтүстік Корея, «Вулверхэмптон»), Такуми Минамино (Жапония, «Монако»);
Шабуылшылар: Сон Хён Мин (Оңтүстік Корея, «Тоттенхэм»), Салим ад-Даусари (Сауд Арабиясы, «Ал-Хилал»), Мехди Тареми (Иран, «Порту»).
