2022 жылдың 14-16 қыркүйегінде Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Өзбекстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселесін қарастырды.
Өзбекстан-Иран жоғары деңгейдегі келіссөздер соңында ынтымақтастықтың әртүрлі салаларын қамтыған 18 құжатқа қол қойылды.
Мемлекеттік сапар аясында Ибрахим Раиси Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне де қатысты.
Осы орайлы сәтте Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің тілшісі ШЫҰ саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен екі ел арасында орнатылған ынтымақтастық, қол қойылған жаңа келісімдер нәтижесінде күтілетін жаңалықтар туралы сұхбаттасты.
– Президент мырза, Иран Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың ең өзекті аспектілері қандай?
– Сөзімнің басында Өзбекстан үкіметі мен халқын Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің отыз бір жылдығымен құттықтауды өзімнің парызым деп санаймын.
Иран Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап осы елмен қарым-қатынасқа ерекше мән беріп келеді. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін жасақталған он үшінші үкімет қызметінің басынан бастап біз көрші және жақын елдермен, оның ішінде дос әрі бауырлас Өзбекстанмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуды сыртқы саясаттың басым бағыты деп жарияладық. Осы мәселеге жалпы үңілсек, еліміз бұл сыртқы саясат жоспарынан ауытқымай, Орталық Азия елдерімен барынша айналысып жатқанын байқауға болады.
Менің ресми сапарым құрметті аға бауырым Шавкат Мирзияев мырзаның ресми шақыруымен, сондай-ақ мәртебелі тұлғаға деген ерекше құрметімнің арқасында жүзеге асып отыр. Аймақтағы маңызды екі ел ретінде Иран мен Өзбекстанның көптеген мәдени, тарихи және өркениеттік ортақтық құндылықтары бар болып, бұл қарым-қатынастардың дамуын сөзсіз паш етеді. Көркем Самарқандта бола тұрып, елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы ортақ құндылықтардың тамыры тереңде жатқанын түсіндім. Өзбекстанның ұлы халқы – бұл елдің басты инвестициясы, мейірімді және еңбекқор, дамуға, биік мақсаттарға жетуге талмай ұмтылатын халық. Иран мен Өзбекстан халықтары Хорезми, Ибн Сина сияқты көптеген ұлы тұлғаларды тәрбиелеп, ғылым мен әдебиет әлеміне танытты. Бұл адамдар әлем халықтарының мақтанышы.
Екі ел арасындағы әріптестік саясат пен қауіпсіздік саласында түрлі деңгейдегі делегациялар алмасуы, тұрақты консультациялық кездесулердің өтуі, екі елдің маңызды көршісі ретінде Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісі мәселесі бойынша, қауіпсіздік органдары мен күреске жауапты ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, терроризм және есірткіге қарсы күрес ұйымдары, сондай-ақ Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық көрінісінде жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдар аясында тығыз байланыс орнатылған.
Сауда-саттық және экономика өзара әрекеттестіктің негізгі дамып келе жатқан бағыттары болып табылады. Мұны өзара сауда көлемінің тұрақты ұлғаюынан көруге болады. Өзбекстан Орталық Азияда қолайлы транзиттік жағдайға ие және Иранның үлкен транзиттік әлеуеті көлік және транзиттік сектордың сауда-экономикалық қарым-қатынастардың маңызды бөлігі екенін көрсетеді. Иран Ислам Республикасы Өзбекстанның Иран порттарын, әсіресе маңызды теңіз порты Чобахорды пайдалануы үшін барлық жағдайды жасап, жасап жатыр. Туризм де біздің елдер үшін маңызды сала болып табылады. Осы бағыттың маңыздылығын және сол саладағы елдеріміздің әлеуетін негізге ала отырып, шенеуніктер мен кәсіпкерлер әлі де көп күш салуы керек.
Ортақ тарихымыз бен мәдени жақындығымыз ынтымақтастыққа қолайлы мүмкіндік туғызады. Тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, түрлі көрмелер мен іс-шаралар ұйымдастыру, мәдени апталықтар, кино және спорт салаларында ынтымақтастық жүргізіліп жатқан немесе күн тәртібінде тұрған жұмыстардың қатарында.
Сонымен қатар, студенттер алмасу, шәкіртақы бөлу, ғылыми-зерттеу мекемелері арасында байланыс орнату қажет. Сайып келгенде, менің сапарым барысында саяси, экономикалық және мәдени салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылуы мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға бел байлағандығының белгісі.
– Екі елдің жалпы халқының саны – жүз жиырма миллион адамды құрайды. Бұл үлкен нарық. Сондықтан өндірілетін өнім көлемі, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігі Иран мен Өзбекстан кәсіпкерлері үшін өте қажет мүмкіндік. Осы тұрғыдан келешек сауда-экономикалық қарым-қатынас туралы не айтуға болады?
– Орынды атап өткеніңіздей, аймақтағы халқы ең көп елдер – Иран мен Өзбекстан. Сондықтан бұл әртүрлі салаларды, соның ішінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған көптеген келісімдерге қол қойылды. Біздің ойымызша, бұл жеткіліксіз, қолда бар мүмкіндікке сәйкес келмейді. Екі елде салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ету және бір-бірінің экономикасына оң әсер ету үшін үлкен әлеует бар екені сөзсіз. Мысалы орасан зор энергия қорын, порт пен теміржол көлігі инфрақұрылымын, заманауи технология, медициналық және ауылшаруашылық саласындағы бар мүмкіндіктерден өзбекстандық кәсіпкерлері пайдалана алады, дәл солай Иран сіздер жасаған қолайлықтарынңызды пайдалана алады.
Өзбекстанда, әсіресе, Шавкат Мирзияевтің басшылығы кезінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай дамыды, тауар айналымының көлемі артты. Сондықтан бұл тұрғыда зор мүмкіндіктің болуы біздің қарым-қатынастарымыздың келешегі жарқын екенін көрсетеді. Әрине, екі елдің үкіметтері бизнесмендер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға кедергі болып отырған кедергілерді жоюға күш салуы керек. Қысқа мерзімде тауар айналымын екі есе арттыруға әрекет жасау керек. Ирандық компаниялардың Өзбекстанда өндірісті бастауға мүмкіндігі зор. Бірлескен инвестиция экономикалық байланысты нығайтудың қолайлы жолдарының бірі бола алады.
Туризм, жоғарыда айтып өткеніміздей, халық саны көп елдеріміз үшін күрт дамытуға болатын айқын мүмкіндік. Екі елдің туристік тартымдылығы жағынан әлемде жоғары орында тұрғаны бізді қуантады. Өзара рейстердің санын көбейтіп, визасыз тәртіп орнату арқылы экономикалық ынтымақтастықты жоғары сатыға шығара аламыз.
– Иран бағыты, әсіресе Чобахор портына апаратын көлік-транзиттік дәліз Өзбекстан үшін ашық теңізге шығудың ең қолайлы жолы. Осы орайда екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтсеңіз.
– Жоғарыда атап өткеніміздей, Иран Ислам Республикасы бұл тұрғыда ашық теңізге шығудың ең жақсы, ең қолайлы және арзан жолы ретінде еліңізге барынша көмектесуге дайын. Біз Өзбекстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы кезеңнен бастап Иранның теміржол, автокөлік және теңіз жолы желілері, атап айтқанда, Бандар-Аббас және Чобахар порттары өзбекстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық мақсатта пайдалануы, Өзбекстан және басқа елдерден жүк тасымалдау үшін дайын екендігін мәлімдедік. Екі ел Ашхабад келісімі, Иран, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы үш жақты келісім, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және екіжақты келісімдер мен келісімдер аясында бір бағыттағы ынтымақтастық үшін құқықтық, консулдық және кеденге байланысты жағдайлар жасауға тырысты.
Иран Ислам Республикасының жаңа бағдарламаларына сәйкес, қысқа мерзімде көптеген теміржол инфрақұрылымдарын құру жоспарлануда және өзбекстандық кәсіпкерлер оларды сыртқы саудада пайдалана алады. Біз сондай-ақ мүдделі елдердің Чобахор портына қатысуы және инвестициялауы үшін қажетті және қолайлы мүмкіндік жасауды жоспарлап отырмыз. Біз Өзбекстанды Чобахор келісіміне және Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне қосуға дайынбыз. Бүгінге дейін бұл мәселе бойынша көптеген сапарлар мен келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ Өзбекстанның теміржол және автокөлік жолдары желісі ирандық кәсіпкерлердің басқа елдерге кіруі үшін қолайлы бағыт болып саналады және біз бұл артықшылықты екіжақты, аймақтық және халықаралық келісімдер аясында пайдаланамыз.
– Өзбекстанның әлемдік қауымдастықтағы қазіргі орны мен сыртқы саясатын қалай бағалайсыз?
– Мен Өзбекстан үкіметінің аймақтық және халықаралық саясат саласындағы көзқарасын өте теңгерімді, қисынды және оң деп бағалаймын.
Өзбекстан Республикасының аймақтағы және әлем елдерімен өзара ынтымақтастық саясаты, бұл елдің халықаралық және аймақтық ұйымдардағы бастамалары аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда маңызды рөл атқарады.
Өзбекстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын және басқа да осындай кездесулерді өткізуі мақтауға тұрарлық. Осы орайда сөзімнің соңында өзбекстандық аға-іні бауырларымыз, әпке-қарындастарымызға бізді шынайы қарсы алып, қонақжайлылық танытқаны үшін шексіз алғысымды білдіруді парызым деп білемін.
– Қымбатты уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге көп рахмет. Өзбекстан халқы мен мемлекетіне Иран Ислам Республикасының шынайы көзқарасына риза екенімізді білдіреміз.
Аслиддин СУЮНОВ сұхбаттасты
ӨзА