Хорватия Еуропалық Одақтың ортақ валютасына көшеді

Хорватия парламенті Еуропалық Одақтың ортақ валютасы еуроға көшуді мақұлдады.
Aktuality порталының дерегінше, Хорватия парламенті еуроның енгізілуі ел экономикасы үшін оң қадам болады деп есептейді. Бұл валюталық тәуекелдерді жоюға, пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге, елдің несиелік рейтингін жақсартуға және инвестицияны көбірек тартуға мүмкіндік береді.
Еуроға көшу процесі Хорватияда шамамен бір жыл бойы еуро мен куна бір уақытта қолданылады.
Заң бойынша, Хорватия 5 қыркүйектен бастап екі валютада да бағаларды жариялай бастайды. Осылайша, Хорватия келесі жылдан бастап еуроаймақтағы ЕО-ның ортақ валютасын қолданатын 20-шы ел болады.