English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хиуа қаласында халықаралық этноспорт фестивалі өтеді
13:10 / 2023-06-13

Хиуа қаласында биыл 7-10 қыркүйек аралығында халықаралық этноспорт фестивалі өтеді.

Бұл туралы Үкіметтің «Хиуа қаласында халықаралық этноспорт фестивалін өткізу шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Фестивальді өткізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, шара 2 жылда бір рет өткізіледі.

Халықаралық шара аясында, келесілер ұйымдастырылады:

- спортшылардың қатысуымен өтетін халықаралық жарыстар;

- екі кезеңдік аспаздық бойынша ұлттық чемпионат;

- ою-өрнек және кесте жасау өнері көрмесі; 

- қыш бұйымдарының көрмесі;

- өзбек, парсы, араб, орыс тілдерінде шыққан әдебиеттерді көрсетілімі.

Фестиваль аясында халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталады.

Сондай-ақ спорттық іс-шараларға қатысушылар арасында «Ең жас қатысушы», «Жанкүйерлердің алғысын алған үздік спортшы», «Құрметті спортшы» сынды номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.