Хиуа қаласында «Шекарасыз туризм» халықаралық форумы өтеді

2022 жыл 29 қарашада Хиуа қаласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жетекші компанияларының қатысуымен «Шекарасыз туризм» халықаралық форумы өтеді.
Форумның күн тәртібінде туризм саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады. Атаулы шара Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің «ішкі туризм» мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту, туризм саласындағы ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, елдер арасында өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ туризм саласындағы жаңа бастамаларды дамыту үшін тиімді алаң болады деп күтілуде.