Hilton және Hyatt Ресейде жаңа қонақүйлердің ашылуын тоқтатты

Танымал Hilton және Hyatt қонақ үйлер желісі Ресейде жаңа қонақүйлердің ашылуын тоқтатқанын мәлімдеді.
Hilton қонақ үй желісі мәлімдемесінде Ресейдегі барлық жаңа әрекеттерді тоқтатқанын, сонымен қатар Ресейдегі жұмысынан түскен табысын Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсамақ ниетте екенін хабарлады: «Біз Мәскеудегі корпоративтік кеңсемізді жаптық және жұмыстың жалғасуын қамтамасыз етеміз және зардап шеккен барлық қызметкерлерге төлейміз», - делінген желі сайтында.
Hyatt қонақ үй желісі Ресейдегі жаңа қызметтерді және кез келген жаңа инвестицияны тоқтататынын мәлімдеді.
«Біз Ресейдегі қонақүйлердің жұмысын АҚШ үкіметінің қолданыстағы санкциялары мен нұсқауларын сақтай отырып, бағалауды жалғастырамыз және бұл дағдарысты шешуге үміттенеміз», - делінген хабарламада.