Гватемалада концерт кезінде төбелес болып, тоғыз адам қаза тапты
Гватемаланың Тәуелсіздік күніне орай елдің батысындағы Кецальтенанго қаласында өткен концерттен кейінгі төбелес салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды.
Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Концерт мерекелік жәрмеңке аясында өткен. Зардап шеккендердің барлығы жансақтау бөліміне жеткізілген.
«Кветсалтенангодағы көптеген құрбандармен болған оқиға. Кветсалтенангодағы <…> жаппай мерекелік шаралар кезінде тартысты жағдай тіркелді. Гватемалалық Қызыл Крест <...> 20-дан астам жаралыға көмек көрсетті, тағы тоғыз адам оқиға орнында қаза тапты », - делінген хабарламада.