Гурбангулы Бердімұхамедов ТМҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа келді

Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитіне қатысу үшін Самарқандқа келді.
Мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.



Айта кетейік, Түркіменстан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бақылаушы мемлекет ретінде қатысуда.