Грэмми сыйлығының марапаттау рәсімі COVID-19-ға байланысты кейінге қалдырылды

64-ші реткі «Грэмми-2022» сыйлығының марапаттау рәсімі COVID-19-ға байланысты кейінге қалдырылдыү
Ұйымдастырушылар коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің артуына байланысты 31 қаңтарда Лос-Анджелесте өтетін шараны белгісіз уақытқа кейінге шегеруге шешім қабылдады.
Variety таратқан хабарда «Қала мен штат шенеуніктері, денсаулық және қауіпсіздік саласындағы сарапшылар, суретшілер қауымдастығы және көптеген серіктестеріміз қатысуында мұқият талдау жасағаннан кейін дыбысжазу академиясы мен CBS 64-ші Грэмми сыйлығының марапаттау кешін кейінге қалдырды», - делінген.
Ұйымдастырушылар өз мәлімдемесінде музыкалық қауымдастық мүшелері мен жүздеген көрермендердің денсаулығы мен қауіпсіздігі олар үшін басты міндет екенін атап өткен.