Гонконгта ғажайып алмас 29 миллион долларға сатылды

Гонконгта 15,81 караттан тұратын ғажайып күлгін-қызғылт Сакура гауһартасы аукционда 29 млн доллар бағада сатылды. Бұл мұндай жауһарлы тасқа қойылған рекордтық баға.
Christie's –тің хабарлауынша, лоттың бір күн бұрын 226,3 млн гонконг долларына (29,13 млн доллар) сатылғандығы көрсетілген. Сатып алушының аты-жөні құпия ретінде қалған.
Сакура - қызғылт түсті осы түрдегі ең үлкен гауһартас. Мұндай алмастар табиғатта өте сирек кездеседі, олардың тек 10% -дан аз бөлігі 0,2 караттан асады.
Еске салайық, күлгін-қызғылт түсті гауһар тастар бойынша ең кейінгі рекордты бағадағы сауда өткен жылдың қараша айында Женевада орын алған еді - 26,6 млн доллар.