Гонконг 30 қаңтардан бастап COVID-19 ауруына байланысты карантинді алып тастайды

Гонконг үкіметі 2023 жыл 30 қаңтардан бастап COVID-19 жағдайына байланысты енгізілген карантинді алып тастайды.
RTHK радиосының хабарлауынша, бұдан былай коронавирус жұқтырғандардан Гонконг денсаулық орталығының онлайн платформасы арқылы жеке ақпарат беру талап етілмейді.
Гонконгтың әкімшілік басшысы Джон Ли бейсенбіде заң шығарушыларға сөйлеген сөзінде крантин тәртібі 30 қаңтардан бастап жойылады, деген.
Джон Лидің айтуынша, анти-COVID-ке қарсы шаралардың әлсіреуі вакцинация науқаны немесе омикрон штаммының жеңіл инфекциясы нәтижесінде қалыптасқан халықтың иммунитетінің жоғары деңгейімен байланысты.
Гонконг билігінің соңғы нұсқауларына сәйкес, коронавирус жұқтырғандар бес күн бойы оқшаулануды сақтауы керек.