Германиялықтар коронавирусқа байланысты шектеулерді тоқтатуды талап етуде

Германия астанасы Берлин қаласында азаматтар ел үкіметінің коронавирусқа байланысты жыл соңына дейінгі шектеулерді тоқтатуын талап етіп көшеге шықты
Германия астанасы Берлин қаласында азаматтар ел үкіметінің коронавирусқа байланысты жыл соңына дейінгі шектеулерді тоқтатуын талап етіп көшеге шықты.
Бұған дейін Ангела Меркель үкіметі елдегі қоғамдық іс-шараларға тыйым салуды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұйғарған болатын. Оның негізінде көпшілікке арналған фестивальдар, спорттық шараларға көрермендердің келуі, үлкен концерттер, көшедегі, ауылдардағы және қалалардағы мерекелер жатады. Жабық аймақтардағы жеке іс-шараларға қатысушылардың саны 25 адамнан, ал жеке емес аудандарда - 50 адамнан аспауы керек, дегенді көрсеткен.
Ал неміс азаматтары бұл шектеулерге наразы екенін білдіріп бүгін Берлин көшелеріне митингке шыққан. Алдын ала бұл шерудің болатынын білген билік оған қарсы әскери тосқауылдың әрекетін жасап 3 мыңдай жасақты тік тұрғызғаны айтылады «Eurasia Daily» ақпарат агенттігі.