English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияға жаңа канцлер сайланды
15:56 / 2021-12-08

Германияның социал-демократиялық партиясының жетекшісі Олаф Шольц ресми түрде елдің канцлері болып сайланды.

РИА Новости порталының хабарлауынша, Шольц парламенттің төменгі палатасында депутаттардың 395 дауысына ие болып, Германия канцлері болып сайланды.

Осылайша Ангела Меркельдің 16 жылдық билігі аяқталды. Ол бүгін өз өкілеттіктерін Шольцке тапсырады.

63 жастағы Олаф Шольц саси мансабында Гамбург мэрі, қаржы министрі және вице-канцлер қызметтерін атқарған.