English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияда қатаң карантин 10 қаңтарға дейін ұзартылды
06:19 / 2020-12-04

Германияда өткен айдын басынан бастап күшіне енген коронавирустың таралуына қарсы карантиндік қатаң шаралар 2021 жыл 10 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұған дейін шектеулер 20 желтоқсанға дейін созылуы керек болатын.

Германия канцлері Ангела Меркель мен федералды штаттардың премьер-министрлері елдегі жағдайдың нашарлауына байланысты тиісті келісімге келген және бүгін 4 қаңтарда федерация мен мемлекет басшылары тағы да жиналып, алдағы жоспарды талқылайтын болады. 

Ел канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, локдаунның мақсаты - бір апта ішінде коронавирус ауруын 100 мың адамға шаққанда 50-ден аз жағдайға жеткізу. «Біз, жалпы, бұл жағдайдан алыстаумыз. Күн сайын коронавирустың салдарынан көптеген адамдар өлуде», - деген.

Бұл шектеулерге байланысты Германияда мейрамханалар, кафе, спорт залдары, мұражай, театр және басқа да қоғамдық нысандар жабық күйінде қалады. Сонымен бірге мектептер мен балабақша, дүкендер ашық болып, дүкендерде сатып алушылар санына шектеу енгізілген. Екі отбасының мүшесі көшеде немесе үйге 5 адамнан көп жанның жиналуына тыйым салынады.

Соңғы дерекке сай Германияда 1,1 млннан астам азаматтан коронавирус анықталған. Оның 800 мыңғажуығы сауққан болса, 17 мыңнан астамы қайтыс болған.