Германияда мектепте атыс болып, бір адам зардап шекті

Германияның солтүстік-батысындағы Бремерхафен қаласындағы Ллойд мектебінде атыс болып, бір адам зардап шекті.
Bild басылымның хабарлауынша, бір адам ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, гимназияға белгісіз біреу кіріп, оқ жаудырған, қарудың түрі белгісіз.
Оқ дыбысын оқушы қыздардың бірі дәретханада жатқан кезде естіп, дереу полиция шақырған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Құтқару қызметі өкілінің айтуынша, зардап шеккен адам мектеп оқушысы емес. Әлеуметтік желіде полиция Бремерхавен орталығында ауқымды операция болатынын ескертіп, адамдарды оқиға орнынан аулақ болуға шақырған.