English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Қазақстанда Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуы мүмкін
15:12 / 2022-10-31

Астана қаласында Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Қазақстанда Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды ұсынды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеген.

«27 қазанда «Svevind» неміс-швед концернінің «HYRASIA ONE» еншілес компаниясы мен Қазақстан Үкіметі арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Оның аясында Еуропа мен Азияның энергетикалық және шикізат қорларының өнеркәсіптік ауқымды қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда таза әрі экологиялық тиімді «жасыл» сутегі шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салу жоспарланып отыр», - деген М. Тілеуберді Германияның Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесуден кейін.

Бұл тұрғыда Германия жағы Қазақстанда Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды ұсынған.

«Осы орайда біз неміс тарапының Астанада Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу ұсынысын құптаймыз. Бербок ханым, бұл бастамаңыз үшін алғыс айтамыз және оны жан-жақты қолдауға дайынбыз», - деген Мұхтар Тілеуберді.