Германия мұражайынан XX ғасырда табылған алтын қазына ұрланды

Германия мұражайынан 1999 жылы табылған 483 алтын монеталар ұрланған. Қолды болған қазына б.з.б. дәуірге жататын көне жәдірген екендігі белгілі болды.
Deutsche Welle басылымының мәліметінше, белгісіз ұрылар Баварияның Манчинг қаласындағы басып кіріп, ол жерден ең құнды жәдігер – құны миллиондаған еуроға бағаланған 483 алтын монетаны ұрлап кеткен.
Полицияның дерегінше, бұл XX ғасырда табылған ең үлкен алтын қазына саналған. Жалпы салмағы шамамен 4 келі болатын тиындар 1999 жылы Рим империясының Кельт бекінісінде Манчинг оппида деп аталатын қазба жұмыстары кезінде табылған.
Баварияның ғылым және өнер жөніндегі мемлекеттік министрі Маркус Блуме: «Кельт қазынасының жоғалуы – апат, ал алтын монеталар біздің тарихымыздың айғағы ретінде орны толмас қазына еді», - деген.