English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Федералдық Канцлері ресми сапармен Өзбекстанға келеді
14:41 / 2024-09-14

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Германия Федератив Республикасының Федералдық Канцлері Олаф Шольц 15-16 қыркүйек күндері ресми сапармен елге келеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес Самарқанд қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Кездесуде Өзбекстан мен Германия арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралады.

Сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық-қаржылық серіктестікті кеңейту, Германияның жетекші компаниялары және банктерімен ынтымақтастықты тереңдету, еңбек миграциясы, экология, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және басқа да салалардағы белсенді байланыстарды жалғастыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, аймақтық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу көзделген.

Бағдарлама аясында Өзбекстан Президенті мен Германия Федератив Республикасының Федералдық Канцлері екі елдің іскер топтары өкілдерімен де кездесу өткізеді.