Гециялық теннисші Лионда өткен турнирде жеңіске жетті

Францияның Лион қаласында теннистен «Open Parc d'Auvergne-Rhone-Alpes-Lyon» турнирі өтіп онда әлемнің 5-ші ракеткашысы грекиялық Стефанос Циципас жеңіске жетті.
22 жасты ракетка шебері ATP турнирінің шешуші финалдық кездесуде рейтингте 49-орында тұрған британдық Кэмерон Норриге қарсы кортқа шығып, бір сағат 9 минутқа созылған матчтың екі сетінде де бірдей есеппен Циципас жеңіске жетті - 6/3, 6/3.
Лионға сәтті жеңіс Гециялық теннисшіге 41 145 еуро ақшалай сыйлық және 250 рейтингтік ұпай нәсіп етті. Бұл оның маусымдағы екінші және мансабындағы жетінші жеісі болды. Норри бұл турнирден 29 500 еуро және 150 ұпай алған.