Габон СІМ басшысы министрлер кабинетінің мәжілісінде қайтыс болды

Габонның Сыртқы істер министрі Микаэль Муса Адамо ел астанасы Либревилде Министрлер кеңесінің отырысына қатысу кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды.
France Presse басылымының хабарлауынша, дәрігерлер қаншалықты әрекетіне қарамай министрді аман алып қалуға мүмкіндік болмаған.
«Ол министрлер кеңесінің отырысына қатысу кезінде өзін ауыр сезінген», - деп хабарлады ведомствоның дереккөзі.
Министр дереу әскери госпитальға жеткізілді, бірақ ол көп ұзамай қайтыс болған.