English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Габон әскері биліктен қуылған президент Бонго Ондимбаны босатты
09:39 / 2023-09-08

Габонда билікке келген әскерилер елдің тақтан тайдырылған президенті Али Бонго Ондимбаны үйқамақтан босатты.

Al Jazeera хабарынша, экс-президент денсаулығына байланысты босатылған.

«Денсаулығының жағдайын ескере отырып, Республиканың бұрынғы президенті Али Бонго Ондимбаға еркін жүруге рұқсат берілді», - делінген басылым хабарында.

Хабарда сондай-ақ, егер қаласа, Бонго Ондимба шетелде медициналық көмекке жүгіне алатыны айтылған.

Еске салар болсақ, осы аптаның басында генерал Брис Олиги Нгема ресми түрде Габонның өтпелі кезеңдегі президенті болды. Генерал өтпелі кезеңнің соңында «еркін және ашық сайлау» өткізуге және саяси тұтқындарға рақымшылық жасауға уәде берген.