Футболдан 2023 жылғы Азия чемпионаты Қытайда өтпейтін болды

Қытай эпидемиологиялық жағдайға байланысты футболдан 2023 жылғы Азия кубогын қабылдамайды.
Азия футбол конфедерациясының хабарлауынша, турнир өтетін ел кейінірек жарияланатын болады.
Төрт жылда бір рет құрлықтың 24 құрамасы қатысатын турнир келесі жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында Қытайдың он қаласында өтуі тиіс болатын.