Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер жалғасуда

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер аясында Парижде полиция шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданды.
РИА Новости мәліметінше, Парижде зейнеткерлік жасты көтеруге қарсы наразылық білдіргендер полицияға петардалар мен шыны бөтелкелер лақтырып, баррикадалар тұрғыза бастады. Жауап ретінде полиция наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған және тұтқындауды бастаған.
Парижде зейнетақы реформасына қарсы үшінші ауқымды наразылық шарасы өтііп, оған қатысушылар арасында түрлі сала өкілдері, студенттер мен университет қауымының өкілдері, дәрігерлер, солшылдар мен жастар ұйымдары, «сары жилеттер» қозғалысын жақтаушылар бар.
Қарсылық шараларын қолдау артып жатыр: әлеуметтік сауалнама дерегі бойынша, Франция тұрғындарының 76 % реформаға қарсы.