English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда тікұшақ апатынан бес адам қаза тапты
11:02 / 2020-12-09

Францияның шығысындағы Савой департаментінде бортында алты адамы бар тікұшақ апатқа ұшырап, оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.

Департамент өкілінің хабарлауынша, француз навигациялық қызметіне тиесілі тікұшақ 8 желтоқсанда Париж уақытымен кешкі 19-да құлаған. Бортта осы қызметтің 4 офицері және 2 құтқарушы болған.

Тікұшақ Альбервил коммунасына жақын 1800 метр биіктіктен құлаған. Ұшқыш апат және катапульта туралы сигнал бере алған бірақ қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр халде.

Тікұшақ бортындағы адамдарды іздеуге 40-тан астам түрлі қызметтердің мамандары тартылған.

Франция ішкі істер министрі Джеральд Дарманен оқиға орнына баратындығын және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, құтқарушыларға алғысын білдірген.